26
қаңтар
2026
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» құндылығы негізінде сынып сағаты
26.01.2026 күні, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 7 «Б» сыныбында. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» құндылығы негізінде сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға тәртіп пен жауапкершіліктің қоғамдағы маңызын түсіндіру, заң мен ережені сақтаудың азаматтық борыш екенін ұғындыру, отансүйгіштік пен саналы тәртіпке баулу.
Сынып сағаты барысында нақыл сөздің мағынасы ашылып, ел дамуы мен қоғамдық тұрақтылықтағы тәртіптің рөлі талқыланды. Мемлекеттік заңдар мен мектеп ережелерін сақтау, құқық пен міндет ұғымдары, жеке жауапкершілік туралы түсіндірілді. Тәртіптің еркіндікпен, адам құқығымен тығыз байланысы мысалдар арқылы көрсетілді.
Оқушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, өмірден алынған жағдаяттарды талқылады, тәртіпті болудың жеке тұлға мен қоғам үшін маңызын атап өтті. Сынып сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етті.Сынып жетекшісі: Алишерова А.Е.
https://www.instagram.com/p/DT9d2jJjBzQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==