03
қараша
2025
«Қоғамдық орында темекі шегу және алкогольді ішімдіктерді ішу жауапкершілігі» тақырыбында сынып сағаты
03.11.2025 күні, 9 «А» сыныбында «Қоғамдық орында темекі шегу және алкогольді ішімдіктерді ішу жауапкершілігі» тақырыбында сынып сағатында тақырып қамтылды.
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық орындарда темекі шегу мен алкогольді ішімдіктерді ішуге байланысты заң талаптарымен таныстыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Сынып жетекшісі оқушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің келесі баптарын түсіндірді:
442-бап. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе масаң күйде жүру:
Бұл бапқа сәйкес,
Қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салынады.
Бұл ережені бұзған азаматтарға ескерту жасалып, айыппұл салынады.
Егер адам қоғамдық орында мас күйде жүріп, басқа адамдардың тыныштығын бұзса, ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 448-бап. Темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу туралы заңнаманы бұзу:
Қоғамдық орындарда (білім беру, мәдениет, спорт нысандары, аялдамалар, балалар ойын алаңдары, т.б.) темекі шегуге болмайды
Темекі өнімдерін кәмелетке толмағандарға сатуға және беруге тыйым салынады.
Бұл талапты бұзғандарға айыппұл салынады.
Мұғалім оқушылармен бірге салауатты өмір салтын сақтау маңызын талқылап, «Темекісіз болашақ», «Ішімдік – өмірдің жауы» тақырыптарында ой бөлісті.
Сынып сағаты барысында оқушылар қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, заңға бағыну, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызын ұғынды.
Сынып жетекшісі: Нургалиева Л.А.
https://www.instagram.com/p/DQlJLvWjLFy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=dWs3cjRmeGM0ZzVr