Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мамандық таңдау мектептен басталады» тақырыбында 4 «Б» сыныбында сынып сағаты өтті

26
қаңтар
2026

«Мамандық таңдау мектептен басталады» тақырыбында 4 «Б» сыныбында сынып сағаты өтті

  26.01.2026 күні, оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандық таңдау мектептен басталады» тақырыбында 4 «Б» сыныбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, олардың қызығушылығы мен қабілетіне сай болашақ кәсіби бағытты дұрыс анықтауға бағыт-бағдар беру.
Сынып сағаты барысында түрлі мамандықтар туралы мәлімет беріліп, қазіргі қоғамда сұранысқа ие кәсіп түрлері таныстырылды. Оқушылардың бейімділігі мен жеке қабілеттерін анықтаудың маңызы айтылып, білім алудың, еңбексүйгіштіктің және жауапкершіліктің болашақ мамандыққа жетудегі рөлі түсіндірілді.
Оқушылар өздерінің болашақта таңдағылары келетін мамандықтары туралы ой бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Талқылау барысында мамандық таңдауда мектептің, мұғалім мен ата-ананың қолдауының маңыздылығы атап өтілді. Сынып сағаты оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және саналы таңдау жасауына ықпал етті.
Сынып жетекші: Ахметжанова А.А.
https://www.instagram.com/p/DT9gBN2DDls/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: