Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаты

12
қаңтар
2026

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаты

12.01.2026 күні, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 7 «А» сыныбында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, оның қоғамға тигізетін зиянын ұғындыру, адалдыққа, әділдікке және заңды сақтауға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында «Сыбайлас жемқорлық деген не?», «Оның түрлері мен салдары», «Адалдық – адамгершілік негізі» тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, өмірден мысалдар келтірілді. Сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы тақырып бекітілді.
Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсер ететінін, әділетсіздік пен заң бұзушылыққа әкелетінін түсініп, адал жолмен еңбек ету әр азаматтың міндеті екенін білді. Сынып сағаты соңында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы екенін айтып, адал азамат болуға уәде берді.
Қорытынды: Сынып сағаты өз мақсатына жетті. Оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасы қалыптасты.
Сынып жетекшісі: Сейітхан С.С.
https://www.instagram.com/p/DTZlNDPDIw1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: