02
ақпан
2026
«Су қоймаларындағы қауіпсіздік»
02.02.2026 күні, “Жеке қауіпсіздік” бағдарламасы аясында «Су қоймаларындағы қауіпсіздік» тақырыбында 1 «Б» сыныбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды су қоймаларында (өзен, көл, тоған, су қоймасы) демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында су айдындарындағы қауіпті жағдайлар, белгіленбеген жерлерде шомылудың қауіптілігі, суға жалғыз түспеу, ересектердің бақылауынсыз суға бармау туралы түсіндірілді. Сонымен қатар тереңдік, ағыс, су температурасының адам өміріне тигізетін әсері туралы айтылды.
Оқушыларға шомылу кезінде қауіпсіздік белгілерін сақтау, суда шаршап қалған жағдайда әрекет ету жолдары, бейтаныс заттарға жақындамау және төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажеттігі ескертілді. Алкогольдік немесе қауіпті ойындардың су айдындарында өмірге қатер төндіретіні ерекше атап өтілді.
Сынып сағаты барысында көрнекі материалдар қолданылып, жағдаяттық сұрақтар арқылы оқушылардың білімдері бекітілді. Оқушылар белсенділік танытып, қауіпсіздік ережелерін талқылауға қатысты.
Қорытындылай келе, сынып сағаты оқушылардың су қоймаларындағы қауіпсіздік туралы білімін арттырып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиеледі.
Сынып жетекшісі: Кутыкбаева Э.К.
https://www.instagram.com/reel/DUPiqpTjBiI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==