Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында түсіндіру жұмыстары

22
қаңтар
2026

“Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында түсіндіру жұмыстары

   Оқушылардың өмір қауіпсіздігін алдын алу мақсатында “Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында ДТІЖ орынбасары А.Усенова 5-6 сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру, қар үстінде алыспау, тайғанақ жерлерде сақ болуға үйрету.
Оқушыларға қыс мезгілінде жиі кездесетін қауіп-қатерлер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аяз, боран, көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылды.
Оқушыларға қар үстінде алыспау, бір-бірін итермеу, абайсызда жарақат алмау керектігі ескертілді. Сонымен қатар, тайғақ жерлерде жүгірмеу, асықпай жүру, таймайтын аяқ киім киюдің маңыздылығы түсіндірілді.
Мұз үстінде ойнаудың қауіпті екені, белгісіз және жұқа мұздың үстіне шықпау керектігі айтылды. Жолдан өту кезінде мұқият болу, көліктерге жақын ойнамау туралы да ақпарат берілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап берді.
Қорытынды:
Оқушылар қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, қар үстінде алыспау, тайғақ жерлерде сақ жүру керектігін түсінді.
https://www.instagram.com/p/DT3Su2PjIrC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: