Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көшеде қаңғыбас итті кездестірген кездегі сақтық шаралары»

22
қыркүйек
2025

«Көшеде қаңғыбас итті кездестірген кездегі сақтық шаралары»

22.09.2025
Сынып сағаты
Тақырыбы: «Көшеде қаңғыбас итті кездестірген кездегі сақтық шаралары»
Мақсаты:
• Оқушыларға қаңғыбас иттердің қауіптілігі туралы түсінік беру;
• Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
• Жануарларға жанашырлықпен қарауды қалыптастыру.
Өту барысы:
Сынып сағаты барысында оқушыларға көшеде кездесетін қаңғыбас иттердің адам өміріне қауіпті болуы мүмкін екені түсіндірілді. Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік шаралары бойынша кеңестер берді:
1. Қаңғыбас итке жақындамау, тиіспеу;
2. Итті қууға, тас лақтыруға болмайтыны;
3. Итке жалт қимыл жасамау, айқайламау, сабырлы болу;
4. Қажет жағдайда үлкендерге немесе арнайы қызметке хабарлау;
5. Ит қауып алған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі.
Сонымен қатар оқушыларға бейнематериал көрсетіліп, «Не істеу керек?» деген сұрақ төңірегінде пікірталас ұйымдастырылды. Балалар өз ойларымен бөлісіп, көшеде кездесетін жағдайларға мысалдар келтірді.
Қорытынды:
Сынып сағаты оқушыларға пайдалы мағлұмат беріп, қауіпсіздік дағдыларын нығайтуға ықпал етті. Оқушылар қаңғыбас иттерден қорғану жолдарын меңгерді, жануарларға да аяушылықпен қарау керектігі айтылды.
4 “Ә” сыныбы
Сынып жетекшісі: Калиева А.Н.
https://www.instagram.com/p/DO5AE8KjOX5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MTRkZ2JrOWVxMXhxcw== 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: