18
желтоқсан
2025
Жаңа жыл мерекесі кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау
18.12.2025 күні, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Усенова, мектеп инспекторы, Бостандық АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны,учаскелік полиция Б.Жотабай 7 “А”, “Ә”, “Б” сынып оқушыларымен қысқы демалыс қарсаңында оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және жаңа жыл мерекесі кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дәріс барысында инспектор қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелеріне ерекше тоқталды. Атап айтқанда, тайғақ жолда абай болу, боранды күндері жолға, тауға шықпау, жол қозғалысы ережелерін сақтау, мұз үстіне рұқсатсыз шықпау, суық ауа райында денсаулықты қорғау жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Оқушыларға қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстау, бөгде адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, заңға қайшы әрекеттердің салдары туралы нақты мәліметтер берілді. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен тәртіп сақтау міндеттері түсіндірілді.
Жаңа жыл мерекесі кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде де маңызды ақпарат айтылды. Инспектор шыршаны безендіру кезінде қауіпсіз электр құралдарын пайдалану, ақаулы гирляндаларды қолданбау, отшашулар мен пиротехникалық бұйымдарды рұқсат етілмеген жерлерде қолданбау керектігін ескертті.
Дәріс соңында оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін маңызды екені түсіндіріліп, сұрақ-жауап жұмысы жүргізілді.
Өткізілген дәріс оқушыларға пайдалы ақпарат беріп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DS5nh_vDHBh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DS5lyfKjKBZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==