Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

10
қараша
2025

«Жол-көлік оқиғаларын талдау және талқылау

Жол қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша 10.11.2025 күні. 10 «Ә » сыныбында «Жол-көлік оқиғаларын талдау және талқылау. Жолда жүру ережесі» сынып сағаты өтті. Мақсаты:
Оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылармен соңғы уақытта орын алған жол-көлік оқиғалары талданды. Оқиғалардың туындау себептері мен салдарына талдау жүргізіліп, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілердің қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығы түсіндірілді.
Сынып жетекшісі жолда жүрудің негізгі талаптары – бағдаршам сигналдарын сақтау, жаяу жүргінші өткелінен өту, көлікте қауіпсіздік белдігін тағу сияқты ережелерге ерекше назар аударды.
Оқушылар «Қауіпсіз жол – бала өмірі кепілі» тақырыбында постер жасап, өз ұсыныстарын айтты.
Іс-шара барысында жол қозғалысы туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен сұрақ-жауап және пікірталас ұйымдастырылды.
Қорытынды:
Сынып сағаты оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталды. Оқушылар өз өмірі мен қоршаған орта қауіпсіздігін сақтау қажеттігін түсінді
Сынып жетекшісі: Садыкова А.Р.
https://www.instagram.com/p/DQ3ZEXhjEFa/?utm_source=ig_web_copy_link
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: