Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Қауіпсіз жол- жарқын болашақ” жас жол инспекторлар слеті

28
сәуір
2025

“Қауіпсіз жол- жарқын болашақ” жас жол инспекторлар слеті

28.04.2025 күні, мектебіміздің жас жол инспекторлар командасы аудандық “Қауіпсіз жол- жарқын болашақ” жас жол инспекторлар слетіне қатысты. Слетке аудан мектептерінің мектептері қатысты.

Слёт оқушылар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда қауіпсіз жүріс-тұрысты насихаттау мақсатында өткізілді.
Мақсаты:
• Оқушылардың жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) туралы білім деңгейін арттыру.
• Жолда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
• Балалардың белсенділігін, жауапкершілігін дамыту.
• Қоғам назарын балалардың жолдағы қауіпсіздігіне аудару.
• Мектептер мен жол полициясы арасындағы серіктестікті нығайту.
• ЮИД қозғалысының беделін арттыру.
Слетте мектеп командасы белсенділік танытып, І орын иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Қалалық кезеңге жолдама алды. Команда капитаны Бекджанова Аяла “Үздік командир” номинациясын жеңіп алды.
Шәкірттерімізді жеңісімен құттықтаймыз. Қалалық кезеңде аудан атынан намыс қорғайды. Сәттілік, жас достар!
Жетекшісі:ДТІЖ орынбасары Усенова А.К.
https://www.instagram.com/reel/DJAuwgxTUyv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DJAxmkhI1dH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: