Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

24
қаңтар
2025

«Есірткіге жол жоқ!» челенджі

  Салауатты өмір салтын насихаттау және тарату, балалардың физикалық, психологиялық және эмоционалдық денсаулығына ықпал ету, оларды кез келген жаман әдеттен саналы түрде бас тартуға ынталандыру мақсатындағы 2025 жылғы 27-31 қаңтар аралығындағы республикалық «Есірткіге жол жоқ!» челенджіне 7- сынып оқушылары қатысты.

Міндеттері:
🔰оқушылардың есірткінің зияны және денсаулыққа кері әсері туралы хабардарлық деңгейін арттыру;
🔰өзінің қазіргі өміріне, болашағына және айналасындағы адамдарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;
🔰белсенді өмір салтын насихаттау: жаман әдеттерге балама ретінде физикалық белсенділік пен спортты насихаттау;
🔰әлеуметтік маңызы бар және әлеуметтік пайдалы мақсаттарға негізделген мектеп қоғамдастығындағы бірлестік және өзара іс-қимыл;
🔰ақпаратты талдау және салауатты өмір салтының пайдасына шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
🔰шығармашылық әлеуетті ашу;
🔰жеке өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі;
🔰 өз өмірі мен денсаулығы үшін жеке жауапкершілікті сезіну, пайдалы
әдеттерді дамыту, отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы мінез-құлық арқылы құқықтық тәрбие беру.
Ұйымдастырушы: дтіжо,Усенова А.К.
https://www.instagram.com/reel/DFXoYgvuyJ7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: