Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “АДАЛ АЗАМАТ” біртұтас тәрбие бағдарлмасы Тақырыбы: «Еңбекқорлық – табыстың кілті»

22
қыркүйек
2025

“АДАЛ АЗАМАТ” біртұтас тәрбие бағдарлмасы Тақырыбы: «Еңбекқорлық – табыстың кілті»

22.09.2025 ж
“АДАЛ АЗАМАТ” біртұтас тәрбие бағдарлмасы
Тақырыбы: «Еңбекқорлық – табыстың кілті»
Мақсаты:
• Оқушыларға еңбекқорлықтың маңызын түсіндіру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу;
• Жауапкершілік, табандылық, төзімділік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;
• «Еңбек – табыстың, бақыттың кілті» екенін ұғындыру.
Өткізу түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, пікірталас, нақыл сөздермен ой бөлісу.
Сабақтың барысы:
Сынып сағаты еңбек туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді оқудан басталды. Мұғалім оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіріп, табыс пен жетістікке жетудің негізгі жолы адал еңбек екендігін айтты.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ата-аналарының еңбегі, үй шаруасындағы жауапкершілігі мен жеке тәжірибелері жайлы бөлісті. Сондай-ақ, еңбекқорлықтың арқасында жетістікке жеткен тұлғалардың өмірінен мысалдар келтірілді.
Шағын топтарға бөлініп, «Еңбек – табыстың кілті» тақырыбында постер жасалды. Әр топ еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, суреттермен безендіріп қорғады.
4 “А” сыныбы
Сынып жетекшісі:Ибраимова Г.К.
https://www.instagram.com/p/DO5BjVgjF6D/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MThlaXhjbGZyYzlicA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: