Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 395-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлт рухын ұлықтаған тұлға» атты сынып сағаты

04
мамыр
2026

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлт рухын ұлықтаған тұлға» атты сынып сағаты

04.05.2026 күні,“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 7 “Ә” сыныбында қазақтың көрнекті композиторы, дирижері, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлт рухын ұлықтаған тұлға» атты сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, оның қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесін таныстыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушыларға Ахмет Жұбановтың өмір жолы, оның қазақ музыка өнерін дамытудағы еңбегі туралы бейнематериалдар көрсетілді. Сонымен қатар композитордың шығармалары, оның ішінде қазақ халық музыкасын зерттеудегі рөлі туралы ақпараттар берілді. Оқушылар топтық жұмыстар арқылы ғалымның еңбектерін талдап, өз ойларын ортаға салды.
Сынып сағаты барысында викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар белсенділік танытты. Кейбір оқушылар Ахмет Жұбанов туралы қосымша мәліметтер дайындап, баяндама жасады. Музыкалық бөлімде қазақтың халық күйлері тыңдалып, өнерге деген қызығушылықтары артты.
Іс-шара соңында оқушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, қазақ музыкасының дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегін бағалау қажеттігін түсінді.Сын жет: Берденова К.А.
https://www.instagram.com/p/DX6wwhWjPoP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: