Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ұлт ұстазы – Ахмет» тақырыбында Ахмет Байтұрсыновтың мұражайына саяхат

29
қазан
2025

“Ұлт ұстазы – Ахмет» тақырыбында Ахмет Байтұрсыновтың мұражайына саяхат

29.10.2025 күні, күзгі демалыста “Ұлт ұстазы – Ахмет» тақырыбында Ахмет Байтұрсыновтың мұражайына 5 “Ә” сыныбы экскурсия жасап қайтты. Мұражай қызметкерлері оқушыларды қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, тілші, ақын Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен таныстырды.

Балалар Ахмет Байтұрсыновтың жеке заттары, қолжазбалары, кітаптары мен фотосуреттерін қызығушылықпен тамашалады. Мұражайда сақталған жәдігерлер арқылы олар XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ел болашағы үшін жасаған еңбектерін сезіне білді.

Экскурсия барысында оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әліпбиін реформалау, ана тілін оқыту, ұлттық баспасөзді дамыту жолындағы еңбегі туралы мол мәлімет алды.

Қорытынды:
Бұл саяхат оқушылардың ұлт тарихына деген қызығушылығын арттырып, Ахмет Байтұрсыновтың ұлтқа сіңірген еңбегін құрметтеуге тәрбиеледі. Мұражайдан алған әсерлері балалардың жүрегінде патриоттық сезім мен рухани мақтаныш ұялатты.
Сынып жетекшісі: Шойтымова А.Ө.
https://www.instagram.com/p/DQdxIIGjPCq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=Z3MxeWt2MzB2aWR2
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: