15
желтоқсан
2025
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында сынып сағаты
15.12.2025 күні, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне байланысты 1-11 сыныптарда «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағлұмат беру, ел тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызы, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы айтылды. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің мәні түсіндіріліп, ел тәуелсіздігінің әр азамат үшін баға жетпес құндылық екені атап өтілді.
Іс-шара кезінде патриоттық бейнематериалдар көрсетіліп, өлеңдер оқылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Сабақ соңында оқушылар Тәуелсіздікті қадірлеу, оны қорғау және ел болашағына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың парызы екенін түсініп, белсенділік танытты.
4 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі: Ахметжанова А.А.
https://www.instagram.com/reel/DSUuEuaDGjb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==