“Ұстазыңды құттықта!” челленджі
Құрметті ұстаздарымыз! Бүгін біз – 11-сынып түлектері, ең қадірлі жандарымызды, білім нәрін жүрегімізге құйған асыл ұстаздарымызды, шын жүректен қошеметпен қарсы аламыз! Сіздер бізге тек білім ғана емес, өмірлік ұстаным, қайсарлық пен мейірім сыйладыңыздар. Әр күніңізді бізге арнап, ұйқысыз түндеріңізді сабаққа дайындап өткіздіңіздер. Сол үшін біз әрқайсыңызға басымызды иіп, алғыс айтамыз. Ұстаз – біздің шамшырағымыз, жол көрсетушіміз. Ұстаз – біз үшін биік тұлға, мәңгілік өнеге. Ұстаз –