Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

15
желтоқсан
2025

Көк Ту – біздің мақтанышымыз!!!

   15.12.2025 күні, мереке қарсаңында Біз оқушылармен арнайы тәжірибе (эксперимент) жүргіздік. Эксперемеет барысында Көк Туымызды әдейі жерге қойып, оқушылардың реакциясын бақыладық. Бұл әрекет ешқандай құрметсіздік емес, керісінше, оқушылардың Отанға, мемлекеттік рәміздерге деген ішкі сезімін анықтауға бағытталды.
Эксперимент кезінде оқушылар бірден алаңдап, туға деген жанашырлықтарын көрсетті. Кейбірі туға жақындап, оны жерден көтергісі келді. Бұл олардың Көк Тудың жай ғана мата емес, елдің тарихы, тәуелсіздігі мен бірлігінің символы екенін жақсы түсінетінін көрсетті.
Оқушылар Көк Туымызды қадірлей білетінін, оған құрметпен қарау – әр азаматтың борышы екенін дәлелдеді. Бұл тәжірибе жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімнің қалыптасқанын, ел рәміздеріне деген жауапкершіліктің жоғары екенін айқын көрсетті.
Көк Ту – біздің мақтанышымыз. Ал оны құрметтейтін ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы.
ДТІЖО: Усенова А.К.
https://www.instagram.com/reel/DSVKWX8jK2a/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: