Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға көмек қолын созу. Оқушыға және мұғалімге қолдау көрсету жолдары» тақырыбында семинар-тренинг

28
қараша
2025

«Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға көмек қолын созу. Оқушыға және мұғалімге қолдау көрсету жолдары» тақырыбында семинар-тренинг

«№81 мектеп-гимназия» КММ-нің 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес, 2025 жылғы қараша айының 28 күні мектебімізде ДОІЖО Орынбаева Алия Ахметовнаның ұйымдастыруымен «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға көмек қолын созу. Оқушыға және мұғалімге қолдау көрсету жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинардың мақсаты: ЕББҚ (ерекше білім беруді қажет ететін) оқушыларға қолдау көрсету жолдарын айқындау, педагог пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Семинар барысында мұғалімдер ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыстың тиімді тәсілдерін, ЖОБ (жеке оқу бағдарламасын) құру ерекшеліктерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Практикалық бөлімде мектебіміздің педагог-психологы Сәмет Жанар Абдығалиқызы, нақты ЕББҚ оқушыларға байланысты кейс-талдау жұмыстарын ұйымдастырып, мұғалімдер әр жағдайды талдап, шешу жолдарын ұсынды. Педагогтер белсенділік танытып, бір-бірінің тәжірибесінен үйреніп, практикалық білімдерін жетілдірді. Семинар соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, оқытуда жеке тәсілдерді қолдану бойынша ұсыныстар айтты. Сергіту сәтін мектебіміздің жас маманы педагог-психолог Захрадинова Гулжайна Бауыржанқызы өткізді. Педагогтер өзара пікір алмасып, алдағы жұмыс бағыттарын нақтылап, кері байланыс берді.
https://www.instagram.com/p/DRmT0QfDEId/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: