20
қазан
2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен ынтымақтастық
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен ынтымақтастық.
№81 мектеп-гимназиясы мен «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ арасында өзара ынтымақтастық орнатылды. Бұл әріптестік үздіксіз өндірістік практика аясында білім, тәжірибе және ғылым салаларындағы ықпалдастықты нығайтуға бағытталған.
Ынтымақтастықтың басты мақсаты — педагогикалық білім сапасын арттыру, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, ғылыми-зерттеу әлеуетін көтеру және теориялық білімді практикалық қызметпен ұштастыру.
Бірлесе атқарылған жұмыстар аясында университет студенттері мектеп базасында тәжірибеден өтіп, өз мамандықтарына сай кәсіби машықтарын жетілдіреді. Ал тәжірибелі педагогтер тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп, жас мамандарға бағыт-бағдар беріледі.
Бұл ынтымақтастық — білім мен тәжірибенің өзара сабақтастығын қамтамасыз ететін, педагог кадрлардың жаңа буынын кәсіби тұрғыда дайындауға ықпал ететін маңызды қадам.
https://qyzpu.edu.kz