27
наурыз
2025
«Тарих пәні: басымдықтар мен оны жетілдіру жолдары» тақырыбында тарих пәнінен қалалық семинар-практикум
27.03.2025 күні, Алматы қаласы, Бостандық ауданына қарасты №81 мектеп-гимназия КММ Алматы білім басқармасының “Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының» қолдауымен «Тарих пәні: басымдықтар мен оны жетілдіру жолдары» тақырыбында тарих пәнінен қалалық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты. Семинарда тұщымды ойлар айтылып, мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерімен алмасты. Тарих сабағын тиімді өткізудегі әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Мақсаты: Мектепте тарих пәндерін оқытудың әдістемесі мен заманауи тәжірибесін талдау.
Семинар міндеттері:
білім беру үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың жолдарын зерттеу;
инновациялық әдіс-тәсілдердің оқушылардың ең негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына әсер етуін қарастыртыру.
Семинар практикумға ЖОО мен қала мектептерінен қонақтар қатысты.
Семинарды алғы сөзбен «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың
ғылыми-әдістемелік орталығының» әдіскері Кирбаева Жазира Канашевна ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Білім беру бағдарламасының көшбасшысы, қауымдастырылған профессор,
ғылым кандидаты Жұбанышов Берік Темірханұлы «Тарихи оқиғаларды талдаудың әдістері» тақырыбында көптеген оңтайлы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Бисембаева Ляззат Амандыковна,Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті, қауымдастырылған профессор м.а., PhD
"Мектеп оқушыларына ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары" атты тақырыпта баяндама оқып, ғылыми жоба жұмысын жазу барысында басты мәселелерге тоқталып, пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек болатындай құнды ақпараттар берді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы Конырова Айжан Мәуленовнаның жетекшілігімен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған «ASHIN“ тобы
«Tarikhmap» платформасы (Қазақстан тарихын карта арқылы түсіндіретін алғашқы платформа) жайлы практикум көрсетті.
М. Базарбаев атындағы №138 гимназияның тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер Махаева Айбала Шайымкуловна «Кіріктірілген сабақтарда
(география.әдебиет) картаны пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында әдісімен бөлісті.
Медеу ауданы Ш. Уәлихханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер Тортаева Амина Долдашевна «Тарих сабағында картографиялық көрнекіліктерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері»
Бостандық ауданы №81 мектеп-гимназия КММ тарих пәні мұғалімдері Жақан Фатима Талғатқызы және Шойтымова Ақсәуле Өмірбекқызы
«Тарих сабақтарында заманауи технологиялар мен ойын әдістерін пайдалану - білім сапасын арттыру тәсілі ретінде» тақырыбында топтық жұмыс жүргізді.
№81 мектеп-гимназия КММ көркем еңбек пәні мұғалімдері Тойлыбаева Айжан Тухфатуллақызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Усенова Айгул Курбаналикызы “Ұлттық мәдениет- ұлттық өнер- ұлттық тарих" тақырыбында өнер, тарих және әдебиетті байланыстыра шеберлік сағатын көрсетіп, көрме ұйымдастырды. Тарих пәні өнер мен әдебиетпен тығыз байланыстылығын көрсете білді.
Семинар соңынд еркін микрафонда семинарға келген қонақтар алған әсерлері мен бөлісіп, оң пікірлерін білдірді. Алғыстарын айтты.
https://www.instagram.com/reel/DHvQhj9N69v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==