Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

03
қазан
2025

“Ұстазыңды құттықта!” челленджі

Құрметті ұстаздарымыз!
Бүгін біз – 11-сынып түлектері, ең қадірлі жандарымызды, білім нәрін жүрегімізге құйған асыл ұстаздарымызды, шын жүректен қошеметпен қарсы аламыз!

Сіздер бізге тек білім ғана емес, өмірлік ұстаным, қайсарлық пен мейірім сыйладыңыздар. Әр күніңізді бізге арнап, ұйқысыз түндеріңізді сабаққа дайындап өткіздіңіздер. Сол үшін біз әрқайсыңызға басымызды иіп, алғыс айтамыз.

Ұстаз – біздің шамшырағымыз, жол көрсетушіміз.
Ұстаз – біз үшін биік тұлға, мәңгілік өнеге.
Ұстаз – жүректегі шырақ, ұрпаққа бағыт-бағдар берер темірқазық.

Осы мерейлі күні Сіздерді құттықтай отырып, бізді білім мен арманға жетелеген еңбектеріңізге мың алғыс айтамыз!

Қош келдіңіздер, аяулы ұстаздар! 🎉🌹
Сынып жетекшілері:
11”А” сыныбы-Сикымбекова Н.М.
11 “Ә” сыныбы- Рысбаева Р.Б.
11 “Б” сыныбы-Нигметжанова Г.Н.
https://www.instagram.com/reel/DPV_simDCrW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=eTJvMnIxZjZnOW50 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: