Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

02
қазан
2025

Ұстаз мерекесі құтты болсын!

ҚР Оқу-ағарту министрлігі қолға алған ұстаздарды құттықтау челленджін зор қуанышпен қабылдаймын. Құрметті,Айгүл Жұмабекқызы бастаған білім бөлімі ұжымы, ауданымыздың барлық ұстаздар қауымы және «81 мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызметтес болып жүрген әріптестерім, Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекеміз – Ұстаздар күніңмен құттықтаймын!
Ұстаз – мәңгілік ізгілік пен мейірімнің символы. Шәкірт жүрегінен орын алып, бала болмысына жарық сыйлайтын жандар – дәл Сіздер.
Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп, әр баланың жүрегіне үміт шырағын жағу – үлкен жауапкершілік, сондай-ақ рухани биіктік.
Сіздердің жанкешті еңбектеріңіз, балаға деген қамқор көңілдеріңіз, әр шәкірттің тағдырына бейжай қарамайтын жүрек жылулықтарыңыз – ұстаздықтың нағыз үлгісі деп білемін.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, шәкірттеріңіздің шексіз алғысы мен ыстық ықыласына бөленуді тілеймін!
Мейірім мен білімнің жолында жасап жүрген еңбектеріңіз ешқашан елеусіз қалмасын!
Білімімен ғана емес, жүрегімен тәрбиелейтін шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Ұстаз мерекесі құтты болсын!
Мерейіміз үстем, абыройымыз асқақ болсын!
https://www.instagram.com/p/DPV7oDoDIMp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MWxxaWN4cXFsNWcxMg== 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: