“Қыз -ұлттың айнасы” тақырыбындағы аудандық қыз сыны байқауының
19.03.2025 күні, Бостандық ауданы №138 гимназияда ұйымдастырылған “Қыз -ұлттың айнасы” тақырыбындағы аудандық қыз сыны байқауына мектебіміздің 9 “А” сынып оқушысы Тасболат Інжу аруымыз қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Мектебіміздегі қыз сыны байқауында “Наурыз аруы-2025” жеңімпазы атанып, аудандық байқауға жолдама алған аруымыз, аудандық кезеңде де олжасыз болмады. Бостандық ауданы мектептері арасында топ жарып ІІ орын иеленген шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз. Жарайсың, қазақ аруы!