Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бокстан халықаралық турнирдің жеңімпазы
17
наурыз
2021
Бокстан халықаралық турнирдің жеңімпазы
    3 "Б" сынып оқушысы Калмухамбет Санжарды бокстан клубаралық жарыстағы жеңісімен құттықтаймыз. І жүлделі орның құтты болсын. Әлем таныған спортшы болуыңа тілектеспіз. Сынып жетекшісі: Калиева А.Н. https://www.instagram.com/p/CMhl7Losa6g/?utm_source=ig_web_copy_link  
"Бәйтерек" республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы
17
наурыз
2021
"Бәйтерек" республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы
   4 "А" сынып оқушысы Құсман Жамал "Бәйтерек" республикалық зияткерлік олимпиадаға қатысып, ІІІ орын иеленді. Жамалды жүлделі орнымен құттықтаймыз.Жарайсың! Сынып жетекшісі: Тажибаева З.Е.  
"Каштан ағашы". 3 "Ә" сынып оқушысы Бейсен Нурбектің  әңгімесі
15
наурыз
2021
"Каштан ағашы". 3 "Ә" сынып оқушысы Бейсен Нурбектің әңгімесі
   "Каштан ағашы". 3 "Ә" сынып оқушысы Бейсен Нурбектің әңгімесі. Кішкентай ғана Нурбек өздерінің ауладағы күтіп, баптап жүрген каштан ағашын қалай қорғағандығы туралы әңгімелеп берді. Бәр тал кессең, он тал ек деп халық бекер айтпаған ғой. Мінеки, кішкентай Нурбек те осылай табиғатты қорғауға өз үлесін қосты.     
"Жырлайды жүрек" атты республикалық байқаудың жеңімпаздары
15
наурыз
2021
"Жырлайды жүрек" атты республикалық байқаудың жеңімпаздары
    Қара өлеңнің қас шебері, ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың 90 жылдық мерейтойына орай "Мәңгілік ел жастары" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген "Жырлайды жүрек" атты республикалық байқауға қатысып, көркем сөз шеберлігі бойынша көзге түскен, 4 "А" сынып оқушылары жүлделі орындармен марапатталды. Шәкірттеріміздің жүлделі орындары құтты болсын.     Сынып жетекшісі: З.Е Тажибаева алғыс хатпен марапатталды. https://www.instagram.com/p/CMbJ7aZsRrr/?utm_source=ig_web_copy_link   
  ХІІІ халықаралық "Асыл мұра" байқауының жеңімпазы 2 "Ә" сынып оқушысы Бахтжан Семанур
15
наурыз
2021
  ХІІІ халықаралық "Асыл мұра" байқауының жеңімпазы 2 "Ә" сынып
    "ҒҰМЫРДАРИЯ"     ХІІІ халықаралық "Асыл мұра" халықтық дәстүрлі ән және аспапты орындаушылардың ән-би балалар мен жасөспірімдер және жастар өнер байқауының "Вокал" жанры бойынша 2 "Ә" сынып оқушысы Бахтжан Семанұр ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Талабыңа нұр жаусын, Семанұр. Жеңісіңмен құттықтаймыз. Жетекшісі, музыка пәні мұғалімі А.У Сұлтанова өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие берудегі еңбегі үшін дипломмен марапатталды.       
Республикалық "Самғау" байқауының жеңімпазы және жетекшісі марапатталды.
13
наурыз
2021
Республикалық "Самғау" байқауының жеңімпазы және жетекшісі
    Республикалық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан ұйымдастырылған ән-би, өнер байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, Тілеуберді Ибраһим "Көркем сөз" жанры бойынша үздік өнер көрсетіп, Диплом табыс етілді. Жетекшісі Жетесова Алмагул апайымыз Алғыс хатпен марапатталды. Оқушымыздың жетістігіне қуана отырып, алдағы уақыттарда да әртүрлі байқаулардың жеңімпазы болуына тілек білдіреміз.  
"Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..." Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі бойынша жеңімпаздар
12
наурыз
2021
"Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..." Мұқағали оқуларының аудандық
   Алматы қаласы Білім басқармасы "Алматы дарыны" дарынды балаларды қолдау мен анықтау орталығының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..." атты Мұқағали оқуларының  жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Алматы дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.  1 және 2 орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Жолдама алған оқушыларымызға алдағы жауапты кезеңнен сүрінбей өтіп мектеп мәртебесін көтере берулеріне
Москва энергетикалық институты (МЭИ) ұйымдастырған олимпиада жүлдегері
11
наурыз
2021
Москва энергетикалық институты (МЭИ) ұйымдастырған олимпиада жүлдегері
  Москва энергетикалық институты математика пәні бойынша отандастарға арналған энергетикалық олимпиадаға   мектеп бітіруші түлегіміз, 11 ""Ә" сынып оқушысы Елтай Дамир Қанатұлы   қатысып, ІІІ орынды иеленді. Дамирге Москва энергетикалық университетінің сертификаты табысталды. Шәкіртімізді жүлделі орнымен құттықтай отырып, бұдан да үлкен жетістікке жете беруіне тілек білдіреміз. Дамир, тек қана алға! Жарайсың!!! https://www.instagram.com/p/CMQ_7HxMaQJ/?utm_source=ig_web_copy_link  
Аудандық пән олимпиадаларының жүлдегерлері
05
наурыз
2021
Аудандық пән олимпиадаларының жүлдегерлері
Аудандық пән олимпиадаларының жүлдегерлері. Пәндік олимпиадаларының ұқалалық кезеңіне өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз.  
«Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар,...» қалалық байқауының жеңімпаздары
04
наурыз
2021
«Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар,...» қалалық байқауының
    Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының жоспарына сәйкес және ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру мақсатында 09-19 ақпан күндері онлайн режимінде өткізу нұсқаулығы негізінде Zoom платформасында «Жалғасы