Крылов атындағы балалар кітапханасына экскурсия
“Адал азамат” біртұтас тәрбие аясындағы “Балалар кітапханасы” жобасы негізінде күзгі демалыста 3 “Б” сынып оқушылары Крылов атындағы балалар кітапханасына экскурсия жасап қайтты. Кітапханашылар оқушыларды жылы қарсы алып, кітапхананың тарихымен, құрылымымен және бөлімдерімен таныстырды. Балаларға жаңа әдебиеттер мен қызықты энциклопедиялық кітаптар көрсетілді. Экскурсия барысында оқушыларға кітаптарды дұрыс ұстау, іздеу жүйесін пайдалану, кітапхана ережелері туралы мәлімет берілді. Сонымен