Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 395-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Рәміздерім – мақтанышым!» атты салтанатты мерекелік іс-шара

04
маусым
2026

«Рәміздерім – мақтанышым!» атты салтанатты мерекелік іс-шара

2026 жылғы 4 маусым күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздерім – мақтанышым!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Іс-шара барысында оқушылар Ту, Елтаңба және Әнұран туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен маңызы туралы мәліметтер беріліп, танымдық ақпарат берілді.
Шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысып, еліміздің басты нышандарына құрмет көрсетті. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруға және мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеуге ықпал етті.
Ұйымдастырушы: дтіжо Усенова А.К.
АӘД мұғалімі: Қорғанбеков Н.Т.
Музыкалық жетекші: Султанова А.У.
https://www.instagram.com/p/DZJ_XFBDIw4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DZK9Ba4MGF9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DZK84RajCQC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: