12
желтоқсан
2025
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Талантты әншіміз, 5 “Ә” сынып оқушысы Тәжіқұл Томирис
10.12.2025 күні, 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында мектебіміздің 5 “А”, “Ә” - сынып оқушыларым «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушыларды елжандылыққа баулу, ұлттық рухты көтеру және мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласуға ынталандыру.
Рәсімге мектеп әкімшілігі, тәлімгер және сынып жетекшілері қатысты. Шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, қатысушыларға ұйымның тарихы мен мақсаты туралы ақпарат берілді.
Ұйым қатарына қабылданатын оқушылар салтанатты түрде сапқа тұрғызылып, «Жас ұлан» антын берді. Оларға көк галстукті ұстаздар салтанатты түрде тақты. Жиын барысында оқушылар Тәуелсіздікке арналған өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.
Сөз алған мектеп басшылығы жас ұландарды құттықтап, еліміздің жарқын болашағына үлес қосатын білімді, тәрбиелі тұлға болуға шақырды.
«Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың патриоттық сезімін нығайтып, ұйым жұмысына деген қызығушылығын арттырды.
Жауапты: дтіжо Усенова А.К.
Сынып жетекшілері: Шойтымова А.Ө., Тажибаева Э.Ж, Бекболатова А.Н.
Музыкалық жетекші:Султанова А.У.
https://www.instagram.com/reel/DSHCKrCjJVZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==