26
қаңтар
2026
“Ата-анама шексіз ризамын” тақырыбында сынып сағаты
26.01.2026 күні, 11 “Ә” сыныбында “Ата-анама шексіз ризамын” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың ата-анаға деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыру, ата-ана еңбегін бағалауға, алғыс айтуға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге тәрбиелеу.
Сынып сағаты ата-ана туралы жылы лебіздер мен тәрбиелік әңгімеден басталды. Мұғалім ата-ананың бала өміріндегі орны, олардың қамқорлығы мен еңбегі жайлы түсіндірді.
Оқушылар ата-аналары туралы ой бөлісіп, алғыс сөздерін айтты. «Ата-анама хат», «Мен ата-анамды не үшін жақсы көремін?» тақырыптарында шағын шығармашылық жұмыстар орындалды.
Тақырып аясында бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, ата-анаға құрмет көрсетудің маңызын түсінді.
Сынып сағаты оқушылардың бойында ата-анаға деген ризашылық сезімін қалыптастырды. Балалар ата-ананы қадірлеу, сыйлау – әрбір перзенттің парызы екенін түсінді.
https://www.instagram.com/reel/DT9qpkIjB6p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==