02
сәуір
2025
“БІЗДІҢ ӘУЛЕТТІҢ БАТЫРЫ” жобасы аясындағы 8 “А” сыныр оқушысы Саменқызы Шұғыланың атасы туралы естелігі
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “БІЗДІҢ ӘУЛЕТТІҢ БАТЫРЫ” жобасы аясындағы 8 “А” сыныр оқушысы Саменқызы Шұғыланың атасы туралы естелігі
🔰🔰🔰🔰🔰
Баймаханов Алдаберген (1922-1990)
Саменқызы Шұғыла, №81мектеп-гимназияның 8 «А» сынып оқушысы
Біздің әулеттің батыры
Менің нағашы атам Баймаханов Алдаберген Баймаханұлы 1922 жылы Өзбекстан шекарасы Достық деген жерде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Себебі ел басына қиын-қыстау күн туып, ашаршылық жайлаған уақытта атамның отбасы да ел асып кеткен еді. Кейін ес біле бастаған шағында әке-шешесі елде қалған туыстарын іздеп, туған жері Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «Жаңаталап» совхозына қоныс аударады.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда атамыз,немере інісі Аймаханов Пәрәміраз екеуі сұранып, майданға аттанады.
Атам Ұлы Отан соғысының батыры Төлеген Тоқтаровпен бірге Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075 полкі құрамында болғанын мақтанышпен айтып отыратын. Соғыста Украина жерін азат ету кезінде екі рет жараланып,аман қалады.Сөйтіп 1945 жылы аман-есен туған елге оралады.Елге келген соң, механик болып еңбекке араласады.Әжеміз Балышпен шаңырақ көтеріп, өнегелі отбасын құрады.
Қазіргі кезде ол кісінің ұрпақтары Қызылорда, Алматы қаласында тұрып жатыр. Атам соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Атам-өте мейірімді, еңбекқор болған кісі. Жанұясында жалғыз болса да соғысқа кетіп оралмаған жақындарына жәрдемдескен. Мен атамды мақтан тұтамын!
https://www.instagram.com/p/DH8D8Qau7tD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==