Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Атам Сұлтанбеков Ратайдың өмірі мен соғыстағы ерлігі жайлы естелік айтқым келеді!

02
сәуір
2025

Атам Сұлтанбеков Ратайдың өмірі мен соғыстағы ерлігі жайлы естелік айтқым келеді!

Сұлтанбеков Ратай (1921-1945)
Ганиева Аделя, №81мектеп-гимназияның 2 «Б» сынып оқушысы

КІШІ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТАНҒАН-СҰЛТАНБЕКОВ РАТАЙ Кіші Бауыржан атанған атам Сұлтанбеков Ратайдың өмірі мен соғыстағы ерлігі жайлы естелік айтқым келеді. Мен атамның шөбересімін. Менің атамның өмірі мен ерлігі отбасымыз үшін мақтаныш және өнеге. Ратай атам 1921 жылы Талас ауданы, Бөлтірік ауылы (бұрынғы Кеңес кеңшары) Сарыдала жазығында дүниеге келген. 1945, Берлин қаласы, Германия) – әскери басшы, гвардия майоры. Әкеден жастай жетім қалған Ратай интернатта жүріп Түркістан, Қызылорда, Манкент қалаларында білім алады. Оныншы класты алтын медальмен бітіреді. Алматы медициналық институтының үшінші курсын оқып жүргенде соғыс басталып, әскер қатарына алынады. Қысқа мерзімді әскери курста – училищеде оқып шығып, лейтенант әскери шеніне ие болады. Майданда батальон командирі қызметін атқарады. 1944 жылғы 15-қыркүйекте 20-дан жаңа асқан гвардия майоры Сұлтанбеков елге, қазіргі Талас ауданы Бөлтірік ауылына демалысқа келіп қайтады. Майданда көрсеткен ерлігі үшін 20 жастағы гвардия майоры, батальон командирі Сұлтанбеков Ратай бірнеше ордендермен марапатталған.
Ол бастаған батальон майдандағы ауыр шайқастарға қатысты. Гвардия майоры Сұлтанбеков 1945 жылы жеңіске санаулы күндер қалғанда, яғный 16 сәуірде «Одер операциясы» кезінде Бранденбург түбінде ерлікпен қаза тапты. Батырдың есімі бүгінде Қаратау қаласының бір көшесіне берілген. Батырға арнап есімі берілген көшеде естелік тақта орнатылған.
Р. Сұлтанбеков жөнінде Қазақстанның Халық жазушысы Әбу Сарсенбаев көп еңбектер жазып қалдырған.
Майор Ратай Сұлтанбековтің ұланының есімін мәңгі қалдыратын ескерткіш тақта С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің тарихи корпусының ғимаратында орнатылған, онда майданға шақырылғанға дейін емдеу ісін меңгерген. Мемориалдық тақта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімдігімен орнатылған.
Соғыстағы ерлігі үшін атама көрсетілген құрмет пен естеліктерге алғыс айтамын. Менің атамның ерлігі мен қайсар мінезі Отаным мен отбасымның тарихында мәңгі қалмақ!
https://www.instagram.com/reel/DH71mPFtsif/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: