Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “БІЗДІҢ ӘУЛЕТТІҢ БАТЫРЫ” жобасы аясындағы 8 “А” сыныр оқушысы Аманжол Адияның атасы туралы естелігі.

02
сәуір
2025

“БІЗДІҢ ӘУЛЕТТІҢ БАТЫРЫ” жобасы аясындағы 8 “А” сыныр оқушысы Аманжол Адияның атасы туралы естелігі.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “БІЗДІҢ ӘУЛЕТТІҢ БАТЫРЫ” жобасы аясындағы 8 “А” сыныр оқушысы Аманжол Адияның атасы туралы естелігі.
🔰🔰🔰🔰🔰
Төралиев Қайырғали Төрәліұлы 19.02.1919 ж. орта шаруа отбасында дүниеге келген.
1938 жылы зоотехник мамандығы бойынша бітіріп, 1940 жылдың аяғына дейін зоотехник болып қызмет атқарады. 1941 жылдың басында Орал облысына оралып, Бөрлі ауданында мал маманы қызметін атқарады.
1941 жылдың желтоқсанында соғысқа аттанып, 1942 жылдың наурызынан Батыс майданында жаумен шайқасады.
1943 жылдың қазанында Днепропетровск артиллериялық училищесінің курсын бітіріп, 1944 жылдың сәуірінде 3-інші Украина майданында 10 гвардиялық әуе десанттары дивизиясының 5 гвардиялық әуе десанттары артиллериясы полкінің атқыштар взводын басқарған. 1943 жылдың қысында партия мүшелігіне өтеді. 1944-1945 жылдары 3-ші Украина майданы 57 армиясының құрамында болып, Украина, Белоруссияны жаудан азат етуге қатысады.
Атамыз 1944 жылы «Қызыл жұлдыз» орденін және «Болгарияны азат еткен үшін» медальдарын өңіріне тағады. 1945 жылдың маусым айында Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруіне қатысады.
1945 жылдың 30 сәуірінде жауынгерлік «Қызыл ту» орденімен марапатталған.
1947 жылдан бастап өмірінің соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында абыройлы еңбек еткен.
Менің атам өте турашыл, орысша-қазақша тілдерін жетік меңгерген. Атамыздың ұраны: «Я люблю правоту, прямоту, чистоту». Әжеміз Айшамен отбасында төрт ұл, бес қыз тәрбиелеп өсірген.
https://www.instagram.com/reel/DH7i28rtzVq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: