Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Орманда қандай ағаштар өседі, ал бақта — қандай?»

22
қыркүйек
2025

«Орманда қандай ағаштар өседі, ал бақта — қандай?»

Тақырыбы: «Орманда қандай ағаштар өседі, ал бақта — қандай?»
Мақсаты:
Оқушыларға орман ағаштары мен бақ ағаштарының айырмашылықтарын түсіндіру;
Табиғатты қорғауға, ағаштарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;
Экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Мұғалім кіріспе сөз сөйлеп, балаларға орманда өсетін және бақта өсетін ағаштар туралы әңгімеледі.

Орманда көбінесе қарағай, шырша, емен, қайың, терек сияқты табиғи ағаштар өсетіні түсіндірілді.

Ал бақта адам қолымен отырғызылған алма, өрік, шие, алмұрт, жүзім секілді жеміс ағаштары өсетіні айтылды.

Оқушыларға суреттер көрсетіліп, қайсысы орман ағашы, қайсысы бақ ағашы екенін ажырату тапсырмасы берілді.

Балалар «Орман – табиғат байлығы», «Бақ – береке бастауы» атты топтық жұмыс жасады. Әр топ өз ойларын плакатқа түсіріп, қорғады.

Сергіту сәті: «Ағаш болып өсейік» атты қимыл-қозғалыс ойыны ұйымдастырылды.
Оқушылар ағаштарды қорғаудың, орманды отамай сақтаудың, бақ ағаштарын күтіп-баптаудың маңызы туралы өз пікірлерін айтты.

Қорытынды:
Сынып сағаты қызықты өтті. Оқушылар орман мен бақ ағаштарының айырмашылықтарын ажыратып, табиғатқа қамқорлықпен қарау керектігін түсінді.
https://www.instagram.com/p/DO5Hr8cDDy9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXM3OHZmdHh4YTh3Ng== 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: