«Білімім – Отаныма» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиын
25.05.2026 күні, 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге сапалы білімнің маңызын түсіндіру, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және болашақта алған білімдерін ел игілігіне жұмсауға бағыттау болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, алдағы өмір