25
мамыр
2026
«Білімім – Отаныма» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиын
25.05.2026 күні, 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Іс-шараның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге сапалы білімнің маңызын түсіндіру, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және болашақта алған білімдерін ел игілігіне жұмсауға бағыттау болды.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, алдағы өмір жолдарына сәттілік тіледі. Түлектер мектеп қабырғасында алған білімдері мен тәлім-тәрбиесі үшін ұстаздарына алғыстарын айтып, әсерлі шығармашылық нөмірлер ұсынды.
Жиында түлектер ұстаздарына, ата-аналарына және мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды сөздерін арнады. Сонымен қатар, мектеп өмірінен сыр шертетін шығармашылық қойылымдар, әндер мен билер орындалды.
Іс-шараның ерекше әсерлі сәттерінің бірі – соңғы қоңыраудың соғылуы болды. Бұл мектеп бітірушілердің балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басуының символына айналды. Түлектер дәстүр бойынша қоштасу вальсін биледі.
Жауапты: дтіж орынбасарлары
https://www.instagram.com/reel/DY59shAIXCL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==