Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті қазақстандықтар, біз біргеміз - берік іргеміз!

06
сәуір
2024

Құрметті қазақстандықтар, біз біргеміз - берік іргеміз!

  Табиғи апат айтып келмейді. Тілсіз жау- өрт жалынымен жалмаса, тасқын су айналасындағыларын аямайды- ол жылдап жинаған қазынаңды да, маңдай термен келген мал-мүлкіңді де, бас сауғалар баспанаңды да ағызып, жермен-жексен етеді.

Қыстай жауған толассыз қар, нөсерлі жауын, күннің күрт жылынуы - билік басындағылардың қолдан жасағаны емес, табиғат-Ананың тосын сыйы. Сондықтан осынау сын сағаттарда бір-бірімізді даттау емес, қолдау маңызды🙏🏻

Еліміздің әр өңірінде болып жатқан табиғи сипаттағы төтенше жағдай бәрімізді ерекше елеңдетіп, көңілімізге қаяу салды.

Отандастарымыздың басына қиын іс түскенде, олармен бірге екенімізді айтып, шын ниетпен жақсы лебізімізді білдіргіміз келеді! 🤍

Құрметті қазақстандықтар, біз біргеміз - берік іргеміз! Сіздердің тығырықтан шығып, жайлы өмір сүрулеріңіз үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға дайын азаматтарымыз аз емес екенін естен шығармаңыздар!
https://www.instagram.com/reel/C5a6jVgiGt4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: