Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

10
қаңтар
2022

Жалпыұлттық аза тұту күні

   81 мектеп-гимназия ұжымы елімізде орын алып жатқан дүрбелеңде елі үшін қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Осындай киын кезеңде ел болып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, лаңкестерге қарсы тұруымыз қажет.
Президентіміз Қасым - Жомарт Тоқаев Кемелұлына еліміздің басына түскен сындарлы кезеңде қазақ елінің амандығы мен бірлігі жолында қабылдаған батыл шешімдеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздің салиқалы саяси көзқарастарыңыз бен ұтымды талаптарыңызды қолдаймыз.
   Сенімді қадамдарыңыз бен дұрыс шешімдеріңіздің арқасында ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап қалатыныңызға сенім білдіреміз.
Қаламыз бен еліміздің тәртібін сақтау жолындағы әскери қызметкерлер, ішкі істер министрлігі, құқық қорғау органдарының және Алматы қаласы әкімдігінің еңбектеріне алғысымызды білдіреміз.
   Жақын арада барлық қиындықтар артта қалып, қалыпты бейбіт өмірге оралатынымызға сенеміз. Елі үшін жанын қиған боздақтарымыздың есімі мәңгі есімізде қалады!
Күшімізбірлікте!!!
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: