Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

09
желтоқсан
2021

ҚЫМБАТ ӘБІЛДӘҚЫЗЫМЕН кездесу

  09.12.2021 күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына байланысты Республикалық "Айгөлек" балалар журналының автор-редакторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Түркі әлемі ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты және "Желтоқсан" көтерілісінің куәсі болған, желтоқсаншы ҚЫМБАТ ӘБІЛДӘҚЫЗЫМЕН кездесу өтті. Кездесуге оқушылар мен ұстаздар қатысып, ерекше әсер алды. Кездесуде Қымбат апамыз шәкірттеріміздің еліне, жеріне, туған Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, бойларына рух дарытып, жігерлендіретін патриоттық сезім сыйлады. Тәуелсіздігіміз үшін желтоқсан көтерілісінде қыршын кеткен батыл, намысшыл, қайсар мінезді жастарымыздың ерліктерін үлгі етті. Оқушыларымызға Тәуелсіздігіміздің құндылығын бағалай білуге тәлім - тәрбие беріп, қазақстанның болашақ ұрпақтарына сенім артты. Ата-ананың, ұстаздың және туған Отанының қадыр-қасиетін ұғындыратындай тәрбиелік маңызы зор өнегелі сөздерін аямады. Оқушылармен қызықты диалог орнатып, кері байланыс жасады. Ерекше кеште Қымбат апамыздың жүрегінен шыққан әрбір өнегелі сөзі оқушылар мен ұстаздарға жаңа бір серпіліс пен күш сыйлады деп ойлаймыз. Қымбат апамыздың елім деп соққан жүрегі мен қазақ балаларының тәрбиесіне деген жанашырлығына ризашылығымызды, шексіз
алғысымызды білдіреміз.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: