26
ақпан
2021
"Елімнің еркіндігі-тәуелсіздік"
"Елімнің еркіндігі-тәуелсіздік"
Тәуелсіздік күні еліміздің бостандығы мен ұлылығының нышаны болып табылады. Әрбір қазақстандық үшін үлкен маңызы бар. Осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Осы қысқа мерзім ішінде ел өте қарқынды дамып, зор табыстарға қол жеткізді. 30 жыл ішінде біз тұрақты экономика құрып, әлеуметтік салада, саясатта, мәдениетте және спортта табысқа қол жеткіздік.
Ал Қазақстанның ең үлкен және сөзсіз жетістігі 130-дан астам түрлі этнос өкілдері үшін бейбіт және достық атмосфераны құру болып табылады. Осы ұстанымның арқасында Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды және белсенді мүшесі болып, дамудың жеке моделін құра алды.
Бұл жерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баға жетпес үлесін атап өтпеуге болмайды. Ол қазақстандық мемлекеттілікті, еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірін жандандыруға үлкен ықпал етті.
Айта кету керек, бүгінде ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық үстінде.
https://www.instagram.com/tv/CLv1BFWnuyv/?utm_source=ig_web_copy_link