Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Музыка пәні бойынша оқушылар жетістіктері. Жетекшісі Султанова А.

04
қаңтар
2021

Музыка пәні бойынша оқушылар жетістіктері. Жетекшісі Султанова А.

   Қазақ халқының мәдениетінде сөз бен саз өнері ерекше орынға ие болған.Сөз бен саз өнері бірінен – бірі бөлінбес бір тұтас өнер. Сал-серілер қазақ халқының композиторлары атанып, әннің сөзін де, әуенін де өз жанынан шығарып өздері орындаған, сегіз қырлы бір сырлы өнер иелері болған. Алайда музыка тек ойын-сауық, көңіл көтеру үшін ғана керек десек, өнердің бұл түрінің маңызын әлсіретіп, маңызын кетіріп, мәнін кеміттіп жіберген болар едік.
   Ұрпақтан ұрпаққа жетіп, дамып келе жатқан халық әні мен күйі адам баласының айырылмайтын жан серігі. Басқа халықтар тәрізді қазақ халқының да әнсіз, өлеңсіз өмір сүрмейтінін, ән, өлеңнің адам баласын дүниеге келгенінен бастап өлгенге дейінгі ажырамас досы екен:
Туған дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-
— деп, данышпан Абай айтып кеткендей, қазақ халқын қанына сіңген әні мен күйісіз ойлау мүмкін емес. Осындай өнерге деген жаны құмар оқушыларымыз қазіргі таңда аз емес. Өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынып, әртүрлі байқауларға қатысып отыруларына ықпал жасап отырған музыка пәнінің мұғалімі Султанова Арзыгул апайға алғыс айтамыз. 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: