Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу жылының аяқталуына арналған “Білімім Отаныма” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді

29
сәуір
2024

Оқу жылының аяқталуына арналған “Білімім Отаныма” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді

  Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған “Білімім Отаныма” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.

«Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды»
Еліміздің бірқатар өңірлерін шарпыған табиғи апат күндері еліміздің су тасқынынан қауіпсіз аймақтарындағы балаларды зардап шеккендермен ынтымақтасу сезімін оятуымыз керек. Жалпы алғанда, балаларға арналған мотивация мен жазғы нұсқаулықпен сынып сағаты өткізіледі.

Біз бәріміз оған түсіністікпен қарауымыз қажет. 5 мың бала өз үйінде емес, лагерьлер мен интернаттарда тұруда. Үйлерін су басқан мұғалімдер де бар, сондықтан біз қолдау көрсетуіміз керек.

📎 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.

📌 Айта кетейік, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.
https://www.instagram.com/p/C6Qi9nEiDqS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: