Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біз біргеміз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

07
сәуір
2024

Біз біргеміз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялады.
Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес», – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының үндеуіне біз де үн қосамыз!

Біз, педагогтар табиғи апат алған өңірлердегі қиын жағдайда қалған халықпен біргеміз!
Мемлекет қиындықта қалған әрбір отбасы мен әрбір азаматын ескерусіз қалдырмайды. Барлық азаматтарды да бір мүддеге бірігуге, қолдау көрсетуге шақырамыз!
https://www.instagram.com/p/C5bhgjCiN9X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: