Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру

19
тамыз
2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі.

✳️ Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға,

✳️ Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға,

✳️ ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылды.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

🔹️докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;

🔹️даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;

🔹️магистранттарға – 97 024 теңге;

🔹️интерндерге – 75 890 теңге;

🔹️жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

🔹️даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;

🔹️техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;

🔹️техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.

✳️ Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.
 https://www.instagram.com/p/CwEtTbuNNqF/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
                              

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: