Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

28
ақпан
2023

«Туберкулездің алдын алу шаралары»

   28.02.2023 күні 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне байланысты «Туберкулездің алдын алу шаралары» тақырыбында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің фтизиопульмонология кафедрасының ассистенті Сейтханова Найля Рымхановна және №614, №615 тобының интерн-дәрігерлері мектеп медбикесі А.Асатованың ұйымдастыруымен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.С.Жоламанованың қатысуымен дәріс өткізіп, оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді.
 Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні (World Tuberculosis Day) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі бойынша жыл сайын 24 наурызда 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох (Robert Koch) өзі жасаған туберкулез қоздырғышының ашылғаны туралы жариялаған күні атап өтіледі. 1905 жылы ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.
 1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді ұлттық апат деп, ал 24 наурыз күнін Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні деп жариялады. 1998 жылдан бастап БҰҰ-ның ресми қолдауына ие болды.
 Туберкулез - ауа тамшылары арқылы жұқпалы ауру.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: