Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

09
наурыз
2021

Мектептің кәсіподақ ұйымының құттықтауы

    Ардақты аналар, аяулы арулар !
    Сіздерді 8- наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер.
Біздің ата-бабаларымыз әйелдің тек үйдегі ғана емес, жаратылыстағы маңыздылығын «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді» деп бір ауыз сөзбен жеткізген. Бүгінде жас ұрпақтың тәрбиесі мен олардың білім алуына байланысты зор үлес қосып, бала қамқорлығына қатысты негізгі міндетті өздеріңізге алып, олардың дүниетанымын қалыптастырасыздар, өзіне деген сенімін жетілдіресіздер. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Сіздер өз сенімдеріңізбен, үміттеріңізбен және махаббаттарыңызбен еліміздің жарқын болашағының берік негізін қалап келесіздер. Сіздерге мықты денсаулық , Отбасыларыңызға бақ-береке және кәсіптеріңізге толағай табыс тілейміз.
                                                                                                             Ізгі тілекпен: Мектептің кәсіподақ ұйымы
                         
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: