10
наурыз
2026
Мектептің бракераж комиссиясының кезекті бақылауы
Мектептің бракераж комиссиясы кезекті бақылау жүргізді. Асхананың өндірістік бөлімдерінде (ет, көкөніс, қамыр дайындау және пісіру цехтары) жоспарға сәйкес кезекті бақылау жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг барысында тоңазытқыш құрылғыларының техникалық жағдайы, құрал-жабдықтардың талапқа сай қолданылуы, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы, азық-түліктің сапасы мен сақтау мерзімдері, сондай-ақ желдету жүйесінің жұмыс істеуі тексерілді.
Тексеру нәтижесінде анықталған ұсақ кемшіліктер бойынша комиссия мүшелері тиісті ескертулер жасап, оларды жедел түрде түзету бойынша нақты ұсыныстар берді.
Негізгі мақсат – тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық талаптарды қатаң сақтау және білім алушыларды сапалы әрі қауіпсіз ас-ауқатпен қамту.
Балалардың денсаулығы – басты назарымызда!
Күні: 10.03.2026
Әлеуметтік педагог: Темірбекова Аружан
https://www.instagram.com/p/DXHNIC2jLrg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==