Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі" байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы
27
қазан
2021
"Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі" байқауының аудандық кезеңінің
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жирен Балауса "Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі" байқауының аудандық кезеңіне қатысып, "ГРАН ПРИ" иеленді. Қалалық кезеңге жолдама алған жеңімпазымызға сәттілік тілейміз. https://www.instagram.com/p/CVf1aVgsrky/?utm_source=ig_web_copy_link  
 "Алматының жыл мұғалімі-2021" байқауының қатысушысы
16
қазан
2021
 "Алматының жыл мұғалімі-2021" байқауының қатысушысы
   "Алматының жыл мұғалімі-2021" байқауына белсенді қатысқаны үшін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімі Берденова Канзада Абдуманапқызы Алматы қаласы Білім басқармасының "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН" марапатталды.   
Республикалық математика пәнінен оқyшылар арасындағы онлайн олимпиадасының І орын иегері
04
қазан
2021
Республикалық математика пәнінен оқyшылар арасындағы онлайн
   5 "А" сынып оқушысы Шайхудинов Ғалым "Ustaz tіlegi" ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық математика пәнінен оқyшылар арасындағы онлайн олимпиадасының І орын иегері атанды. Ғалымды жеңісімен құттықтаймыз. Олимпиадаға қатыстырғаны үшін ата-анасы мен пән мұғаліміне "Алғыс хат" жарияланды.   
"Жыл мұғалімі - 2021" аудандық байқаудың жүлдегері
22
сәуір
2021
"Жыл мұғалімі - 2021" аудандық байқаудың жүлдегері
81 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Берденова Канзада Абдуманаповна аудандық "Жыл мұғалімі - 2021" байқауына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Қалалық байқауға жолдама алған шебер ұстазымызға тек сәттілік тілейміз. ✅ Еңбек өтілі - 23 жыл ✅ Шебер-педагог ✅ Оқулық авторы ✅Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша педагогика ғылымдарының магистрі https://www.instagram.com/tv/CN-SiZqlZja/?utm_source=ig_web_copy_link  
Онлайн - сабақ.  "Алуан түрлі ғаламшарлар" бастауыш сынып мұғалімі Калиева Анар Ахметжановна
06
сәуір
2021
Онлайн - сабақ. "Алуан түрлі ғаламшарлар" бастауыш сынып мұғалімі
Онлайн - сабақ Калиева Анар Ахметжановна Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ғаламшарлар 📚 Педагог - зерттеуші. Еңбек өтілі - 30 жыл. Білікті, шебер ұстаз.2 "Ә" сынып жетекшісі. https://www.instagram.com/tv/CNSe2AfHU3L/?utm_source=ig_web_copy_link  
"Қош келдің, әз Наурыз" атты республикалық өнер және шығармашылық байқауының жеңімпаздары
26
наурыз
2021
"Қош келдің, әз Наурыз" атты республикалық өнер және шығармашылық
"Қош келдің, әз Наурыз" атты республикалық өнер және шығармашылық байқауына қатысып, аспапты ойнау жанры бойынша өнерлі оқушыларымыз Жанұзақ Мұстафа және Халел Елжан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Талантты оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Жарайсыңдар! Жетекшісі: Изкенов С.Ж. https://www.instagram.com/p/CM2MgCSMZGd/?utm_source=ig_web_copy_link          
"Ұлы дала тұлғалары. Ұлы дала есімдері" тақырыбындағы  қалалық ғылыми жоба байқауының жеңімпазы
20
наурыз
2021
"Ұлы дала тұлғалары. Ұлы дала есімдері" тақырыбындағы қалалық ғылыми
   "Ұлы дала тұлғалары. Ұлы дала есімдері" тақырыбындағы орта білім беру ұйымдары мұғалімдері арасындағы қалалық ғылыми жоба байқауына бастауыш сынып мұғалімі, Тажибаева Замзагуль Ержигитовна қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ізденімпаз ұстазымызды жеңісімен құттықтаймыз. https://www.instagram.com/p/CMnFnvNMbI4/?utm_source=ig_web_copy_link  
  ХІІІ халықаралық "Асыл мұра" байқауының жеңімпазы 2 "Ә" сынып оқушысы Бахтжан Семанур
15
наурыз
2021
  ХІІІ халықаралық "Асыл мұра" байқауының жеңімпазы 2 "Ә" сынып
    "ҒҰМЫРДАРИЯ"     ХІІІ халықаралық "Асыл мұра" халықтық дәстүрлі ән және аспапты орындаушылардың ән-би балалар мен жасөспірімдер және жастар өнер байқауының "Вокал" жанры бойынша 2 "Ә" сынып оқушысы Бахтжан Семанұр ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Талабыңа нұр жаусын, Семанұр. Жеңісіңмен құттықтаймыз. Жетекшісі, музыка пәні мұғалімі А.У Сұлтанова өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие берудегі еңбегі үшін дипломмен марапатталды.       
Республикалық "Самғау" байқауының жеңімпазы және жетекшісі марапатталды.
13
наурыз
2021
Республикалық "Самғау" байқауының жеңімпазы және жетекшісі
    Республикалық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан ұйымдастырылған ән-би, өнер байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, Тілеуберді Ибраһим "Көркем сөз" жанры бойынша үздік өнер көрсетіп, Диплом табыс етілді. Жетекшісі Жетесова Алмагул апайымыз Алғыс хатпен марапатталды. Оқушымыздың жетістігіне қуана отырып, алдағы уақыттарда да әртүрлі байқаулардың жеңімпазы болуына тілек білдіреміз.