“Туберкулез-қауіпті жұқпалы ауру” тақырыбында дәріс
04.03.2025 күні, мектеп медбикесі А.Асатова және лектор-дәрігер М.К. Имантаева 9-10 сынып оқушыларына туберкулез ауруын алдын алу айлығына байланысты “Туберкулез-қауіпті жұқпалы ауру” тақырыбында дәріс оқыды. Мақсаты: Туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру,жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру ә) Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.