05
наурыз
2025
«Көктем ханшайымы» қыз сыны байқауы
05.03.2025 күні, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты 6-7 сынып қыз балалары арасында «Көктем ханшайымы» қыз сыны байқауы өтті. Байқауда 6-7 сыныптардан 6 ару бақ таластырды.
Мақсаты: Қазақ қыздарының білімділігін, өнерін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсету. Оқушылардың логикалық ойлау, шешендік қабілеттерін дамыту. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу.
Байқау төмендегі кезеңдерде ұйымдастырылды.
1.”Тегімді менің сұрасаң” (таныстыру)
2. “Өнерлінің өрісі кең” (өз өнерін көрсету)
3. “Білгенге маржан” (салт-дәстүрге байланысты сұрақ -жауап)
4. “Қыздарға әсемдік жарасады” сән үлгісі. ( Тұрмыстық заттардан жасалған ұлттық киім үлгісін көрсету)
Сайыс барысында қыздар өзін-өзі таныстырып, білімдерін көрсетті. Әр бір сайыста өздерінің белсенділіктерін, тапқырлықтарын, жауапкершіліктерін көрсете білді. Қатысушы арулар өздерінің ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу және актерлік шеберліктерін паш етті. Қазылар алқасы бірінен-бірі өткен сұлу қыздардың өнерлеріне риза болып, қазіргі буынның жастары заман ағымынан қалмай, ата-жұрттың салт-дәстүрлерін де қаперлерінен шығармай жүргендігі аса қуантатындығын атап өтті. Бұл мерекелік кешке оқушылар, ұстаздар және ата-аналарда қатысты. Мерекелік іс-шара ойдағыдай аталып өтілді.
Байқау нәтижесі бойынша төмендегі сыныптар жеңімпаз атанды.
1. «Бас жүлде» Көктем ханшайымы-2025»-7 «А» сынып оқушысы Тұрсын Аружан
2. І орын иегері- 6 «Ә» сынып оқушысы-Ғалымжанқызы Мариям
3. ІІ орын иегері - 7 «Ә» сынып оқушысы-Абдыхалиева Жәния
4. ІІІ орын иегері-7 «Б» сынып оқушысы Айбар Айлин
5. -6 «А» сынып оқушысы Алтынбекқызы Еркенұр
6. – 6 «Б» сынып оқушысы Дастанқызы Жұпар
Ұйымдастырушы : ДТІЖ орынбасары А.Усенова
https://www.instagram.com/p/DHDMFSENrI4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHDOnLfNTPd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==