Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

21
қазан
2025

«Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында флешмоб

2025 жылдың 21 қазан күні 81 мектеп-гимназиясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың интернеттегі мәдениетін қалыптастыру, желідегі қауіп-қатерлер туралы ақпараттандыру және киберқауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу болды.

Флешмоб барысында оқушылар «Қауіпсіз желі – өз қолымда!», «Ақпаратты тексер – өзіңді қорғар!», «Құпия сөз – жеке кілт!» сияқты ұрандар айтып, плакаттар мен хэштегтер арқылы белсенділік танытты. Сондай-ақ, желідегі дұрыс және бұрыс әрекеттерге арналған қысқа бейнероликтер көрсетіліп, талқылау өтті.

Шара соңында қатысушылар #ҚауіпсізЖелі #SafeInternet #АдалАзамат хэштегтерімен ортақ бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желілерде таратты.
Флешмоб оқушылардың желідегі жауапкершілігін арттырып, саналы интернет қолданушы болудың маңыздылығын түсіндіруге үлкен үлес қосты.
https://www.instagram.com/reel/DQEqXqSDFVW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=ajk3NzVsNHJ4MW4y

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: