Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 395-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады!» тақырыбында сынып сағаты

03
қараша
2025

«Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады!» тақырыбында сынып сағаты

 03.11.2025 күні, 7 «Ә» сыныбында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қиын кезеңдердегі достық: жанжалда досыңызға қалай қауіпсіз көмектесуге болады!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты:Оқушыларға достықтың маңызын түсіндіру, жанжал жағдайында өзара түсіністік пен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, достар арасындағы сенім мен қолдауды нығайту. Сынып жетекшісі сабақты «Достық деген не?» атты сұрақ-жауап арқылы бастады. Оқушылар өз достары туралы, қиын сәттерде бір-біріне қалай көмектескендері жөнінде әңгімеледі.
Мұғалім жанжал кезінде өзін және досын қауіпсіз ұстаудың ережелерін түсіндірді: дауласқанда дөрекілікке бармау, үлкендердің көмегіне жүгіну, сабыр сақтау және татуласу жолдарын іздеу.
Топтық жұмыс барысында оқушыларға өмірлік жағдайлар беріліп, әр топ сол жанжалды қауіпсіз шешудің жолдарын сахналық көрініс түрінде көрсетті.
Соңында «Нағыз дос қандай болуы керек?» атты ойталқы ұйымдастырылып, достық пен өзара сыйластықтың маңызы қорытындыланды.
Сынып жетекшісі: Берденова К.А.
https://www.instagram.com/p/DQlPNIIDLCQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MWU4ZWthYXJ6Zm9lZw== 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: